430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорнияда орман өрті қаупі қайта күшейді

  • 119
  • UPD: 18:54, 15.10.2020
Калифорнияда орман өрті қаупі қайта күшейді

АҚШ-тың Калифорния штатында қайтадан орман өрті қаупі күшейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лос-Анджелес қаласынан солтүстікке қарай 50 шақырымдай жерде өрт ошағы тіркелген. Мамандардың айтуынша, қазір Калифорнияның оңтүстігінде аптап ыстық пен солтүстігінен соққан жел ормандарда өрт шығуына қолайлы жағдай туғызған. Сондықтан штат тұрғындарын барынша абай болуға шақырып отыр.

Еске сала кетейік, биыл Калифорния штатында ірі орман өрттері тіркеліп, 1,5 миллион гектардан астам алқап жанып кетті. Бірнеше айға созылған табиғат апатынан 31 адам опат болып, жүздеген тұрғын жарақат алды. Мыңдаған үй мен ғимарат өртеніп, бүлінген.

Хабар 24 телеарнасы