427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгияда барлар мен мейрамханалар төрт аптаға жабылады

  • 64
  • UPD: 13:16, 17.10.2020
Бельгияда барлар мен мейрамханалар төрт аптаға жабылады

Бельгия билігі 19 қазаннан бастап елдегі барлар мен мейрамханаларды төрт аптаға жабу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған коронавирус жұқтырғандар санының күрт артуы себеп болып отыр. Мысалы, кеше Бельгияда 10448 тұрғыннан қауіпті вирус анықталған. COVID-19 ға шалдыққандардың жалпы саны 191959-ға жетті. 10 мың науқас осы дерттен қайтыс болды. Соңғы тәулікте 49 адамның көз жұмғаны хабарланды. Жергілікті билік жағдайды екшей келе, көп кісі жиналатын қоғамдық орындардың жұмысын реттеуді қолға алды. Мейрамханадағы тыйымдар соның бастамасы секілді.

«Еуропада індет өршіп тұр» дегенді айттық. Мысалы, үш күннен бері Португалияда коронавирус жұқтырғандар саны үнемі артып келеді. Соңғы тәулікте 2608 тұрғыннан COVID-19 анықталды. Ал, Чехияда екі күн бұрын өзіндік рекорд тіркеліп еді ғой. Жиырма төрт сағат ішінде 9721 дерек тіркеліп, билік өкілдерінің алаңдаушылығын тудырған. Тіпті тиісті шаралар қабылдау жайында да әңгімелер айтыла бастады. Ал, өткен тәулікте елде 5272 тұрғынның қауіпті вирус жұқтырғаны мәлім болды. Бүгінге дейін ауырғандардың жалпы саны – 154 675. Бұл енді әлем елдері арасындағы 32 көрсеткіш.

Хабар 24 телеарнасы