Вьетнамда лай көшкінінен 20-ға жуық жауынгер із-түзсіз жоғалып кетті
- 207
- UPD: 20:54, 18.10.2020

Вьетнамның Куангтри провинциясында толассыз жауынан лай көшкіні жүріп, 22 жауынгер із-түзсіз жоғалып кетті, хабарлайды «Хабар 24».
Көшкін осы өңірдегі төртінші әскери округтің бір казармасын басып қалған. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 3 жауынгердің денесі табылды. Билік «бейбіт уақытта ең көп әскерден айырылдық», дейді. Вьетнамның орталық бөлігінде жауын-шашын қазан айынан бері жалғасып, 70-тен астам адам опат болды. Ауа райын болжаушылар жаңбыр алдағы күндері жалғасатынын айтып ескертуде.