424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда коронавирус өршіп барады

  • 126
  • UPD: 19:50, 26.10.2020
Түркияда коронавирус өршіп барады

Түркияда коронавируске шалдыққан науқастардың 40 проценті Ыстамбұлда екен.

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа мәлімдеді. 

Айтуынша, бұл жолғы жұқтыру жылдамдығы мен көлемі бұрынғыға қарағанда күрделі. Десе де, мегаполисте сақтық шаралары арттырылған жоқ. Тек кей саяси партия онлайн форматқа көшті. Соңғы күндерде елде коронавируске шалдыққандар саны 2 мыңнан асып жатыр. Жергілікті ақпарат құралдары бұл көрсеткіште тек ауруханада ем қабылдап жатқандар көрсетілген дейді. Ал бірнеше күн бұрын денсаулық сақтау министрі COVID-19 клиникалық белгілері жоқ азаматтардың бұл статистикадан 3-4 есе көп екенін айтқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы