423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швейцарияда дәрігерлер жетіспей жатыр

  • 107
  • UPD: 11:25, 29.10.2020

Швейцарияда коронавирус жұқтырған науқастар санының артуына байланысты елде дәрігерлер тапшылығы туды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік осы бір өткір мәселені шешу үшін ауруханаларға зейнеттегі медицина мамандарын тарта бастады. Айтуларынша, алдағы 10 күн ішінде елдің денсаулық сақтау жүйесі ең қиын кезеңді бастан өткереді. Осыған байланысты ауруханалардың көбі жоспарлы операциядан бас тартып, науқастарды жекеменшік клиникаларға ауыстырып жатыр екен. Естеріңізде болса, Швейцария дәл осындай жағдайға індет басталған кезде де тап болған еді. Сол кезде ақ халаттыларға әскерилер көмекке келген болатын. «Ал қазір қол ұшын созатын ешкім жоқ», - дейді дәрігерлер.

Мари Ассулин Рейнманн, дәрігер:

- Азаматтарға індеттің екінші толқыны басталып кеткенін айтқым келеді. Ауруханамыздағы жансақтау бөлімі лық толы. Сондықтан тұрғындардан жауапкершілік танытуды өтінемін. Маска тағып, қолдарыңызды жиі жуып жүріңіздер. Сол кезде ғана індеттің таралуын тоқтата аламыз.

Хабар 24 телеарнасы