423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда бір айлық карантин енгізіледі

  • 129
  • UPD: 15:42, 29.10.2020

Германия билігі карантинді қарашаның екісінен бастап соңына дейін енгізуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы Германия канцлері Ангела Меркель хабарлады. Енді бір ай бойы ел аумағы бойынша барлық театр, кинотеатр, фитнес-орталықтары мен сән салондары жұмысын тоқтатпақ. Қоғамдық тамақтану орындары мен қонақүйлер де жабылатын болады. Ал, мектептер мен балабақшалар барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмысын жалғастыра береді. Табысынан қағылған кей шағын компанияларға Үкімет қаржылау демеу көрсетпек. Яғни шығынының бір бөлігі өтелетін болады. Өтемақыны жұмысшы саны 50-ден аспайтын кәсіпорындар алады. Бұл шараға Германия билігі қазынадан 10 млрд еуро бөледі.

Хабар 24 телеарнасы