425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испанияда коронавирустың мутацияланған жаңа түрі анықталды

  • 153
  • UPD: 23:42, 30.10.2020
Испанияда коронавирустың мутацияланған жаңа түрі анықталды фото: © pixabay.com

Ғалымдар Испанияда коронавирустың мутацияланған жаңа түрін анықтады.

Бұл туралы зерттеу авторы, Базель университетінің профессоры Эмма Ходкрофт айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Базель университеті, Цюрих политехникалық университеті мен SeqCOVID-Spain консорциумының зерттеушілері Еуропада соңғы төрт айда тіркелген коронавирус үлгілеріне баға берген. Зерттеуге алынған ең алғашқы үлгі Еуропа билігі шектеу шараларын ала бастаған кездегі шілде айындағы вирус. Мәліметтер SARS-CoV-2-нің Испанияда мутацияланған түрін анықтауға мүмкіндік берген.

20A.EU1 деген атау берілген мутация жаз мезгілінде Испанияның солтүстік шығысындағы ауыл шаруашылығы жұмысшыларының арасында тарай бастаған.

Ходкрофттың сөзінше, бүгінде вирустың тарауы мутациямен байланысты екені дәлелденбеген. Сондықтан 20A.EU1 коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеуге кедергі келтірмейді.

Хабар 24 телеарнасы