422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейдегі ауруханада жойқын жарылыс болды

  • 180
  • UPD: 15:24, 31.10.2020
Ресейдегі ауруханада жойқын жарылыс болды

Челябинск қаласының орталығында күшті жарылыс болды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, номері екінші ауруханада оттек баллоны жарылған. Алғашқы келіп түскен мәліметтерге сәйкес, жарылыстан ешкімге зақым келген жоқ. Емделіп жатқан 158 науқас өзге ауруханаларға жеткізілді. Жарылыстан кейін шыққан өрт іргелес тұрған жатақханаға тарап кетті. Құтқарушылар жатақхана тұрғындарын сыртқа шығарды.

Хабар 24 телеарнасы