425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда апаттан қаза тапқандар саны 51-ге жетті

  • 126
  • UPD: 15:20, 01.11.2020
Түркияда апаттан қаза тапқандар саны 51-ге жетті

Измирде болған зілзала құрбандарының саны артты. Түркия төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар жөніндегі агенттіктің соңғы мәліметі бойынша жер сілкінісі салдарынан 51 адам опат болды. Оның біреуі суға кеткен.

Жарақат алған 896 адамның 700-ге жуығы ауруханадан шықты. Құтқарушылар жер сілкінісінен опырылған 9 ғимараттың үйінділерін аршып жатыр. Жалпы іздестіру-құтқару жұмыстарына 5 мыңдай маман жұмылдырылған. 

Еске сала кетсек, таяуда Эгей теңізінде күші 6,6 балға жеткен зілзала болды. Сенбі күні Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған апат болған аймаққа келіп, марқұм болған адамдардың туыстарымен кездесті.

Хабар 24 телеарнасы