425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19 дертіне қарсы Корея вакцинасы 2021 жылы шығады

  • 101
COVID-19 дертіне қарсы Корея вакцинасы 2021 жылы шығады

Оңтүстік Кореяда коронавирусқа қарсы вакцина 2021 жылы шығады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Кореядағы денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының департамент басшысы телеарнамызға берген сұхбатында хабарлады. Оның айтуынша, препаратты дайындау жұмысы ақпан айында басталған еді. Биыл сәуірде өндірілген дәрі мақұлданса, вакцина жасау жұмысы келесі жылы аяқталуы тиіс. Оған Оңтүстік Корея билігі 8 млн АҚШ долларынан астам қаржы жұмсаған. Бұл жобаға мемлекеттік ғана емес, 3 жекеменшік компания да тартылды.

Ким Йон У, Корея денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының департамент басшысы:

– Азық-түлік пен дәрі-дәрмекті бақылау басқармасы өндірілген препаратты клиникалық сынақтан өткізуге рұқсат берді. Зерттеу жұмысына салмағы 50-90 келі аралығында, ал жасы 18-ден 65 жасқа дейінгі адамдар тартылды. Соңғы 5 жылда ауруға шалдыққан немесе жоспарлы түрде операция жасататын жандар қатыса алмайды.

Хабар 24 телеарнасы