424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстан парламентінің спикері Канат Исаев отставкаға кетті

  • 94
  • UPD: 12:19, 04.11.2020
Қырғызстан парламентінің спикері Канат Исаев отставкаға кетті 24.kg

Бұл туралы ол «Ала-Арча» мемлекеттик резиденциясында өтіп жатқан отырыста мәлімдеді.

Ол президенттік сайлауға қатыспақ, деп хабарлайды 24.kg.

«Алтыншы шақырылымда Жогорку Кеңештің қызметі аяқталып жатқандықтан, мен президенттің міндетін атқарудан бас тартқам. Талас-тартыс болуын қалаған жоқпын. Бірақ парламенттік сайлау уақыты шегерілді. Садыр Жапаров президенттік сайлауға қатысатынын жариялады. Демек, парламенттің төрағасы президенттің міндетін атқарады. Бірақ «Кыргызстан» партиясы мені мемлекет басшысының сайлауына үміткер ретінде ұсынды. Сондықтан төрағалықтан кету туралы шешім қабылдадым», – деді Канат Исаев.

Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров президенттік сайлауға қатысатынын айтқан.

«10 қаңтарда сайлау өтеді. Мен де оған қатысамын. Сайлауда жеңісе жетсем, президент боламын, жеңбесем, қатардағы адам болып жүре беремін», – деді ол.

Қырғызстанда президенттік сайлау өтетін күн жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы