425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та шерушілер қамауға алынып жатыр

  • 137
АҚШ-та шерушілер қамауға алынып жатыр

Нью-Йорк полициясы Манхэттен көшелеріне шыққан шерушілерді ұстап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірге дейін 50-ге жуық азамат қамауға алынған. Айта кетейік, бұған дейін жүздеген азамат Нью-Йорк орталығына жиналып, президенттік сайлауда берілген дауыстардың дұрыс есептелуін талап еткен еді. Бұған қоса тұрғындар полицейлерді сынға алып, нәсілдік теңдік орнатуға шақырды. Жалпы мұндай шерулер Нью-Йорктен бөлек АҚШ-тың өзге қалаларында да өтті.

Хабар 24 телеарнасы