422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австрияда егіздердің ең байырғы сүйегі табылды

  • 85
  • UPD: 11:07, 10.11.2020
Австрияда егіздердің ең байырғы сүйегі табылды

Австрияда 30 мың жыл бұрын өмір сүрген екі бүлдіршіннің қаңқалары табылды.

Ғалымдар пікірінше, бұл сүйектер егіздердің байырғы заманда өмір сүргеніне дәлел. Бұл туралы Nature журналы мәлімдейді.

Сарапшылар қалдықтарды зерттеу арқылы екі баланың геномы ортақ болғанын анықтады. Олардың біреуі 5-6 жаста қайтыс болса, екіншісі 13-14 айда көз жұмған. Екеуінің де басы шығысқа қаратып көмілген. Біреуінің беліне пілдердің сүйегінен, екіншісіне моллюскілерден жасалған әшекей тағылған.  

Бірақ екеуінің де қабірі көмілмеген, тек мамонттың жауырынымен жабылған. Олардың жанынан табылған екінші қабірде ұлдардың туыс ағасы жерленген екен.

Хабар 24 телеарнасы