423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Франция коронавирус жұқтырған науқастарды Германияға жібере бастады

  • 114
  • UPD: 12:51, 11.11.2020
Франция коронавирус жұқтырған науқастарды Германияға жібере бастады EADaily

Белгілі болғандай, көрші елге көбіне 55 пен 60 жас аралығындағы азаматтар көшіріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, соңғы уақытта Францияда коронавирус індетін өршіп тұр. Елде ауруханаға түсіп жатқан науқастар саны өте көп. Өлім-жітім деректері де аз емес. Санға салсақ, қазір ауруханаларда 31 мыңнан астам азамат ем қабылдап жатыр екен. Төрт мыңға жуық кісі жансақтау бөліміне түсіпті.

Патрик Гольдштейн, шұғыл жәрдем қызметінің басшысы:

– Германияға жіберілген науқастардың барлығы – 55 пен 60 жас аралығындағы азаматтар. Бәрінің жағдайы ауыр. Кейбірінде тыныс жетіспеушілігі бар. Жалпы науқастар Германияға жіберілмес бұрын іріктеуден өтеді. Бәрінің жағдайы тұрақты болуы қажет.

Хабар 24 телеарнасы