422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғалымдар коронавирусқа қарсы тиімді затты тапты

  • 109
  • UPD: 10:13, 11.11.2020
Ғалымдар коронавирусқа қарсы тиімді затты тапты

АҚШ-тағы Питтсбург университетінің Медицина мектебінің мамандары ламалардың ағзасынан коронавирус антиденелеріне күшті әсер ететін фрагменттер бөліп алды, деп жазды Science журналы.

Зерттеу барысында ламаларға SARS-CoV-2 вирусының «тікенегі» – ақуызы енгізіліп, олардың реакциясы зерттелген.

Ғалымдар вирус лама ағзасына енген соң екі айдан кейін олардың иммундық жүйесі SARS-CoV-2-ге қарсы жетілген наноденелер шығара бастағанын анықтады. Одан соң зерттеушілер оларды SARS-CoV-2-мен тығыз байланысты наноденелермен салыстырды және ламалардың басқа антиденелеріне қарағанда тиімдірек болып шықты.

Ламалардың антиденелері «наноденелер» деп аталады, олар адамның антиденелерінен айтарлықтай аз және коронавирусты жақсы бейтараптандырады.

Хабар 24 телеарнасы