423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та коронавирустың таралуы бәсеңдемей тұр

  • 68
  • UPD: 13:26, 13.11.2020

АҚШ-та коронавирус жұқтыру деректері бойынша тағы да антирекорд орнады. Бір тәулікте қауіпті вирус 145 мыңдай адамнан табылған.

Инфекцияға шалдыққандардан бөлек ауруханаға жатқызылған науқастар қатары да артып кеткен. Бүгінде Құрама Штаттарда 65 мыңнан астам адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Бірақ сарапшылар «күн суыта елде коронавирус жұқтыру деректері одан сайын арта түсуі мүмкін» деп отыр. 

Ал Испанияда қонақүй саласында қызмет ететін ондаған адам көшеге шықты. Олар биліктің шектеу шараларын күшейту туралы шешіміне қарсы.

Естеріңізге сала кетейін, бұған дейін Испанияның оңтүстігінде орналасқан Андалусияда билік коменданттық сағат енгізді. Сонымен қатар кафелер, мейрамханалар мен дүкендер жабылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы