422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та Сенаттағы мандат үшін тартыс басталды

  • 84
  • UPD: 15:45, 13.11.2020
АҚШ-та Сенаттағы мандат үшін тартыс басталды

Президенттік сайлауда жеңіске жеткен Джо Байден мен вице-президент Камала Харрис және Аппарат басшысы Рон Клейннен тұратын жаңа әкімшілік жұмыссыздықты жою, нәсіларалық теңсіздікпен күресу, денсаулық сақтау саласын жақсарту және жасыл экономиканы дамыту сынды бірқатар шаруаны қолға алатындарын мәлімдеді.

Сондай-ақ демократтық кандидат ковид індетіне тестілеуді ұлттық деңгейге көтеріп, барынша қолжетімді етіп, медициналық орталықтарды көптеп ашуды көздеуде. Алайда федералды деңгейдегі шешімдерді қабылдау және заңнамалардың ойдағыдай бекітілуі Сенаттағы мандат орындары үшін болып жатқан тартыстың қорытындысына байланысты болады дейді мамандар.

Эйб Нелсон, саясаттанушы:

- Джо Байденнің алдағы уақытта қабылдайтын бағдарламалары, Джорджияда өтетін екі сайлауға байланысты болады. Яғни Сенаттағы орындарды иелену үшін өтетін сайлау. Қазіргі таңда республикалықтар Сенаттағы 100 орынның елуін жеңіп отыр. Бұл дегеніміз демократтықтар қалған елу орынды алуы керек деген сөз. Өйткені елу де елу болған жағдайда, Камала Харрис вице президент ретінде басымдыққа ие болады. Әйтпесе Байденнің айтып жатқан денсаулық сақтау, нәсіларалық теңсіздікке қатысты либералды саяси платформаларды құруда қиындықтар туындауы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы