420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та вакцина келесі сәуірде дайын болуы мүмкін

  • 103
АҚШ-та вакцина келесі сәуірде дайын болуы мүмкін

АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина жергілікті тұрғындар үшін келер жылдың сәуір айында дайын болуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

АҚШ Президенті Дональд Трамп БАҚ-пен кездесуінде солай айтты. Ақ үй басшысының айтуынша, Азық-түлік пен дәрі-дәрмектің сапасын санитарлық бақылау басқармасы жуық арада бір екпені қолдануға рұқсат беруі тиіс. Алғашқы вакцина алдымен денсаулық сақтау саласының өкілдері мен қарт адамдарға егілмек. Ал Трамп әкімшілігінің вакцина бойынша кеңесшіcі жыл соңына дейін тағы 2 вакцина шұғыл жағдайда қолданылуға рұқсат етілетін жеткізді. Айта кетейік, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 11 млн-ға жуықтады. Соңғы бір тәулікте вирусты 154 мың адам жұқтырып алған.

Монсеф Слаои, АҚШ Президенті әкімшілігінің вакцина жөніндегі кеңесшісі:

– Қазір тағы 2 вакцина клиникалық сынақтың үшінші кезеңін аяқтап қалды. Алдағы апталарда компаниялар Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын санитарлық бақылау басқармасына осы екпелерді шұғыл жағдайда қолдануға рұқсат беру туралы өтініш жолдауы тиіс. Егер қабылданса, желтоқсан айынан бастап жаппай қолдануға беріледі.

Хабар 24 телеарнасы