423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте шектеу шаралары 7 желтоқсанға дейін ұзартылды

  • 74
  • UPD: 19:49, 20.11.2020
Шымкентте шектеу шаралары 7 желтоқсанға дейін ұзартылды

Шымкентте карантин және шектеу шаралары 7 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Жаңа қаулы негізінде жанармай құю бекеттері, автобөлшектер сататын дүкендер, көлік жуу орындары, техникалық жөндеу бекеттері мен тігін шеберханалары, тұрмыстық техниканы жөндейтін және химиялық тазалау орындарының жұмыс уақыты қалыпты жағдайда ұйымдастырылады. Үй жағдайындағы және ашық алаңдағы қоғамдық тамақтану орындары 50 адамға дейін қызмет көрсете алады. Бірақ салтанатты мерейтойлық жиындар мен банкет өткізуге тыйым салынған. Шаһардағы қоғамдық көлік таңғы 7-ден түнгі 11-ге дейін жүреді.

Хабар 24 телеарнасы