419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чехияда көрермендер цирк қойылымын терезе арқылы тамашалайды

  • 102
  • UPD: 00:11, 24.11.2020
Чехияда көрермендер цирк қойылымын терезе арқылы тамашалайды

Коронавирус қыспаққа алып тұрса да, цирк өнерпаздары көрермендерін қуантудың амалын тапты.

Олар цирк ғимаратында өнер көрсетеді. Бірақ санитарлық талап бойынша келушілер ішке кіре алмайды. Сол себепті қойылымды далада отырып, терезе арқылы тамашалайды. Жалпы қазір Чехияда коронавирус өршіп тұр. Сондықтан мейрамханалар мен дәмханалар қонақ қабылдамайды. Тамақты өзімен бірге әкету үшін қорғаныш шынысы орнатылған. Цирк өкілдері де осы әдісті қолданады. Қойылымдар тегін. Бірақ орын саны шектеулі болғандықтан, алдын ала орын алып қою керек.

Мартина Новотна, көрермен:

– Маған қойылым ұнады. Ол тек жеке маған ғана арналғандай болды. Бірақ цирк 5 минут қана емес, бұрынғыдай жұмыс істесе екен. Еш кедергісіз, маскасыз отырғанға не жетсін.

Хабар 24 телеарнасы