419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Никарагуада жүк көлігі аударылып, 17 адам мерт болды

  • 106
  • UPD: 10:01, 24.11.2020
Никарагуада жүк көлігі аударылып, 17 адам мерт болды

Никарагуада жолаушылары бар жүк көлігі аударылып, жыраға түсіп кетті.

Салдарынан 17 адам қаза тауып, 25 адам жарақат алды. Бұл туралы Punto Central Noticias хабарлады.

Мәліметтер бойынша қаза тапқандардың арасында 12 әйел мен жаңа туған сәби болған.

Апат болған жер Васлаланың мэрі Херман Варгас апат қоғамдық көлік ретінде пайдаланылған жүк көлігі тежегішінің істен шығуына байланысты болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Жүргізуші ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті.

Хабар 24 телеарнасы