423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

АҚШ-тағы мәйітханаларда көктемнен бері жерленбегендер көп

  • 215
  • UPD: 10:01, 25.11.2020
АҚШ-тағы мәйітханаларда көктемнен бері жерленбегендер көп

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында көктемде вирустан қайтыс болған жүздеген адам әлі жерленбеген.

Бұл туралы шаһардың Сот-медициналық басқармасы мәлімдеді. Шенеуніктердің айтуынша, Бруклин ауданында дерттен көз жұмған 650 адамның мәйіті әлі сақталуда. Олардың 200-ден астамының туғандары табылмаған. Туыстарын жерлеуге қаржысы жоқтар да көп. Бір адамды жерлеу үшін 9 мың доллар кетеді. Айта кетейік, АҚШ-та көктемде вирус алғаш таралғанда Нью-Йорк індеттің ошағына айналған. Шаһарда дерттен күн сайын 200 адам көз жұмған еді.

Хабар 24 телеарнасы