419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испания жағалауында мигранттар мінген кеме апатқа ұшырады

  • 120
Испания жағалауында мигранттар мінген кеме апатқа ұшырады

Мигранттар мінген кеме Испания жағалауында жарға соғылып, апатқа ұшырады. Қайғылы оқиғадан 4 босқын ажал құшқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Су көлігінде барлығы 35 адам болған. Олар Солтүстік Африкадан келе жатқан. 28 мигрант құтқарылды. Қалған 3 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Іздеу операциясы жалғасуда. Айта кетейік, биыл Канар аралдарына шамамен 17 мың босқын жүзіп жеткен. Бұл былтырғыға қарағанда 10 есе көп. Испания билігі босқындарға арнап шатырлар тұрғызуға уәде берген.

Хабар 24 телеарнасы