419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нидерландта телефон ұстаған жүргізушілерді анықтайтын камералар пайда болды

  • 122
  • UPD: 15:27, 26.11.2020
Нидерландта телефон ұстаған жүргізушілерді анықтайтын камералар пайда болды

Нидерландта рөлде отырып ұялы телефон ұстаған жүргізушілерді анықтайтын камералар пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік өкілдерінің айтуынша, олар жолдағы апат санын азайтуға көмектеседі. Белгілі болғандай, бейнебақылау камералары әр көлікті суретке түсіріп, оны сараптамаға жібереді екен. Егер ережебұзушылықтың болғаны анықталса, аталған сурет бірден полицияға жіберіледі. Сөйтіп, тәртіп сақшылары қызметкер соңғы тексеруді жүргізеді. Айта кетейік, қазір аталған жүйе тестілеу режимінде жұмыс істеп жатыр. Сондықтан әзірге ешкімге айыппұл салынбайды.

Хабар 24 телеарнасы