420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Канадада бір жасар бала атыстан көз жұмды

  • 91
  • UPD: 10:07, 27.11.2020
Канадада бір жасар бала атыстан көз жұмды

Канададағы Каварта-Лэйкс қаласында ер адам мен полиция қызметкерлері арасындағы атыс салдарынан бір жасар бала қаза тапты.

Оқиғадан тағы екі адам жарақат алды. Бұл туралы CBC хабарлады.

33 жастағы әке бір жасар баласын бұрынғы әйелінің үйінен ұрлап кеткен. Әйел полицияға қоңырау шалып, олар ер адамның көлігін қоршап алмақ болады.

Ер адамды ұстау кезінде атыс болып, машинаның артқы орындығында отырған сәби жарақат алып, көз жұмды. Баланың әкесі мен үш полиция қызметкерінің бірі де ауыр жарақат алды.

Билік баланың өліміне қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы