419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БАӘ-де құрылыс компаниясы зәулім ғимараттарды бұзғаны үшін Гиннес рекордтар кітабына енді

  • 133
  • UPD: 18:15, 28.11.2020
БАӘ-де құрылыс компаниясы зәулім ғимараттарды бұзғаны үшін Гиннес рекордтар кітабына енді

Біріккен Араб әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде құрылысы аяқталмаған зәулім ғимараттар бұзылды.

Шешім қалада жаңа нысандарды салу үшін қабылданған. Осыған байланысты Абу-Дабиде биіктігі 144 метрдей болатын 4 зәулім ғимарат талқандалды. Барлық сақтық шаралары сақталды. Ал құрылыс компаниясы жарылыс заттарын қолданып, әлемдегі ең биік ғимараттарды бұзғаны үшін Гиннес рекордтар кітабына енді.

Билл О'риган, Modon Properties компаниясының бас директоры:

– Бұл шара порт маңындағы аумақты дәстүрлі шығыс базарына айналдыру үшін қолға алынып отыр. Барлық базарлар біріктіріледі. Мұнда өте тартымды әрі жергілікті тұрғындар мен саяхатшылар үшін өте қолайлы нысандар бой көтереді.

Хабар 24 телеарнасы