Иранда коронавирусқа қарсы вакцина адамдарға сынала бастады.
Жергілікті ғалымдар әзірлеген жаңа дәрі 18 бен 50 жас аралығындағы еріктілерге екі мәрте егіледі. Кейін азаматтардың ағзасында анденелердің түзілуі тексеріледі. Айта кетейік, бұған дейін елдің Денсаулық сақтау министрі отандық препараттың алдағы көктемге дейін дайын боларына сенім білдірген еді. Жалпы қазір Иранда тағы үш вакцина әзірленіп жатыр. Олар келердің соңына қарай клиникалық сынақтарға жіберілуі тиіс.