Испанияда көшеде баспанасыз жүрген адамдар паналаған ғимарат өртеніп, 17 адам жарақат алды. Олардың екеуі мүшкіл халде ауруханаға жеткізілген.
Тағы 30-дан астам кісі құтқарылған. Оқиға осы елдің солтүстік-шығысындағы Бадалона қаласында болды. Өрттің неден шыққаны әлі беймәлім. Оқыс оқиғаға дейін ғимаратта жүзден астам қаңғыбас тұрып келген. Бірақ жергілікті билік олардың тек 60-ын тіркеуге алған көрінеді.