426,99 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сингапурда Pfizer вакцинасын қолдануға рұқсат етілді

  • 156
  • UPD: 08:29, 15.12.2020
Сингапурда Pfizer вакцинасын қолдануға рұқсат етілді

Сингапурда Pfizer мен BioNTech компаниясы бірлесіп шығарған коронавирусқа қарсы вакцинаны қолдануға рұқсат етілді.

Бірақ шешім уақытша ғана қабылданған. Жергілікті билік вакцина толық тіркеуден өтуі үшін препараттың ұзақ мерзімді тиімділігі дәлелденуі тиіс деп отыр. Вакцинаның алғашқы партиясы Сингапурға желтоқсанның соңында жеткізілмек. Алдымен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен қарт адамдарды егу көзделген. Сингапурда вирусты жұқтырғандар саны 58 мыңнан асқан.

Ли Сянь Лун, Сингапур премьер-министрі:

– Алдағы айларда елімізге өзге де вакциналар әкелінеді. Егер барлығы жоспарға сай болса, келесі жылдың үшінші тоқсанында халқымызға жететін екпеміз болады.

Хабар 24 телеарнасы