Екі апта бойына коронавирус тіркелмеген Австралияның ең ірі қаласы Сиднейде жаңа деректер пайда болды.
Алғашында індет жұқтырудың екі дерегі расталған. Сөйтіп, артынан бірден 17 оқиға жайлы белгілі болды. Енді билік бұл індеттің қайта өршіп кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін деп алаңдаулы.
Айта кеткен жөн, осы Сидней қаласы орналасқан Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында вирустың таралуы бақылауға алынып, желтоқсанның басында шектеу шараларының көбі жеңілдетілген еді.