419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияда мыңнан астам көлік қар құрсауында қалды

  • 131
  • UPD: 18:55, 18.12.2020
Жапонияда мыңнан астам көлік қар құрсауында қалды

Жапонияда жолда қалған жолаушылар құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда 1100 көлік жолда қалып қойып, 15 шақырымдық кептеліс пайда болған. Мамандар бірнеше адамды ауруханаға жеткізді.

Айта кеткен жөн, Жапонияда осы аптаның басынан бері қар тоқтамай жауып тұр. Кейбір жерде оның биіктігі 2 метрге дейін жетеді. 10 мыңнан аса үй жарықсыз қалды. Ал, синоптиктердің болжамы бойынша қар әлі де жауа беретін түрі бар.

Хабар 24 телеарнасы