420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бішкектің аспаны қыс айларында қою түтіннен арылмайды

  • 185
  • UPD: 19:34, 19.12.2020

«Мен тыныс алғым келеді»: Бішкекте осындай ұранмен бейбіт шеру өтті. Шараны ұйымдастырушылар студенттер мен мектеп оқушылары. Жастар осылайша биліктің назарын шаһар ауасының ластануына аударуды көздеген.

Лас ауадан дем ала алмайтын болдық. Бішкек көшелеріне шыққан студенттер мен оқушылардың қолындағы үнпарақашалардан қала жұртының жанайқайын байқауға болады. Шаһар ауасының шамадан тыс ластанғаны бәріне аян. Студенттер мен мектеп оқушылары шаһар мәселелерін шешуді ауаның ластануымен күресуден бастау керек дейді. 

Джамиля Суранавева, шараға қатысушы:

- Біз шаһардың ауасы туралы шын ақпарат бергенін қалаймыз. Көбіне ескірген мәліметтер таратылады. Оның үстіне қарапайым адамдарға түсініксіз. Мысалы, дикосид қышқылы белгілі мөлшерден мынша рет артқан дейді. Мұны кім түсінеді? Ақпарат кішкентай баланың өзі оқып, «қазір ауа нашар» деп айта алатындай қарапайым болуы тиіс.

Жуық арада Бішкек ауасына қатысты ақпарат көбеюі мүмкін. Қырғызгидромет шаһар ауасын бақылау үшін 50 құрылғы орнатпақ. Қазір оның сапасын жеке табиғатты қорғаушылар құрған құралдар қадағалайды. Жаңа құрылғылар шаһардың қай бөлігі көп ластанғанын анықтауға да мүмкіндік береді.

Зарина Сыдыгалиева, шараға қатысушы:

- Біз адамдардың шаһар көгін тұмшалаған түтін өте қауіпті екенін түсінгенін қалаймыз. Ауаның ластануы бойынша әлемде алдыңғы орындамыз. Бұл 2017 жылдан бері жалғасып келе жатқан мәселе. Билік оны шұғыл шешуі керек.

Бішкек ауасының ластануы көбіне шаһардағы жаңа тұрғын үй иелерінің баспанасын көмірмен емес көлік дөңгелігінің тысымен жағуынан. Әсіресе қыста шаһар төбесі қою түтіннен арылмайды. Ал дағдарыстан қала бюджетінде осындай мәселелерді шешетін қаржы тапшы.

Автор: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы