419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Юпитер мен Сатурн 21 желтоқсанда бір-біріне жақындайды

  • 176
  • UPD: 12:27, 20.12.2020
Юпитер мен Сатурн 21 желтоқсанда бір-біріне жақындайды

Жер тұрғындары 21 желтоқсанда Юпитер мен Сатурнның Ұлы бірігуі деп аталатын құбылысқа куә болады.

Сирек болатын бұл астрономиялық құбылыс кезінде екі планета визуалды түрде бір-біріне жақындайды. Юпитер мен Сатурн қосарлы жұлдыз тәрізді көрінеді. Шындығында олардың арақашықтығы шамамен 750 миллион шақырымды құрайды.

Астрономдардың айтуынша, соңғы рет бұл екі планетаның визуалды түрде бірігуі 1226 жылдың 4 наурызында болған. Енді биылдан кейін бұл құбылыс 2080 жылдың наурызында болады.

Хабар 24 телеарнасы