429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Forbes 2020 жылдың ең табысты жұлдыздарының тізімін жасады

  • 192
  • UPD: 16:42, 20.12.2020
Forbes 2020 жылдың ең табысты жұлдыздарының тізімін жасады

Forbes 2020 жылы ең көп табыс тапқан 100 жұлдыздың тізімін жасады.

Бұл туралы hromadske.ua хабарлады.

«Дженнер Kylie Cosmetics компаниясының 51% акциясының сатылымынан 590 млн доллар тапты. Биыл ол ең жоғары табысты 10 жұлдыздың ішіндегі жалғыз әйел», - делінген.

Екінші орында Adidas компаниясымен жарнамалық келісімшарттан 170 миллион доллар тапқан америкалық рэп орындаушы Канье Уэст тұр.

Алғашқы үштікті 106 млн доллар табысымен швейцариялық теннисші Роджер Федерер қорытындылады.

Үздік ондықтың қатарында:

футболшы Криштиану Роналду (105 млн доллар),

футболшы Лионель Месси (104 млн доллар),

актер Тайлер Перри (97 млн доллар),

футболшы Неймар (95,5 млн доллар),

радио жүргізушісі Говард Стерн (90 млн доллар),

баскетболшы Леброн Джеймс (88,2 млн доллар),

актер Дуэйн Джонсон (87,5 млн доллар).

Өз кезегінде әнші Элтон Джон 81 миллион доллар табысымен 14-орынға ие болды. Әнші Эд Ширан өзінің музыкалық мансабындағы кідіріс бір жылға созылғанына қарамастан, бір жылда 64 млн доллар тапты (23-орын). Әнші Тейлор Свифт 63,5 млн доллар (25-орын), жазушы Джоан Роулинг 60 млн доллар (28-орын) тапты.

Бұл тізімге 53 млн доллар тапқан 19 жастағы Билли Айлиш те енген (43-орын).

Рейтингті 36 млн доллармен Серена Уильямс (98-орын), актриса Анджелина Джоли 35,5 млн доллармен (99-орын) және футболшы Мохаммед Салах 35,1 млн доллармен (100-орын) жабады.

Хабар 24 телеарнасы