420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: әлемдегі ахуал

  • 105
  • UPD: 11:27, 21.12.2020

Жер жаһанды жайлаған коронавирус індетіне шалдыққандардың саны 76 млн 300 мыңнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 1 млн 700 мыңы осы дерттен көз жұмды. Бұл Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі. Қазірде әлем елдері бойынша 34 млн адам қауіпті инфекциядан емделіп жатыр. Науқас саны бойынша көш бастап тұрған алғашқы үштікте АҚШ, Бразилия мен Үндістан тұр. Төртінші орында Ресей. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа штамы шыққан Ұлыбритания билігімен үнемі байланыста екенін хабарлады. Жуырда вирустың өзгерген жаңа түрі Италияда да анықталды. Белгілі болғандай, науқас таяуда Ұлыбританиядан келген екен. Әзірге әлем ғалымдары мутацияға ұшыраған вирустың адам өміріне қаншалықты қауіпті екенін дөп басып айтқан жоқ. Белгілісі, жаңа вирустың таралуы бұрынғыға қарағанда 70 процентке дейін артық.

Хабар 24 телеарнасы