418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нидерланд Ұлыбританиямен әуе қатынасын уақытша тоқтатты

  • 104
  • UPD: 08:12, 21.12.2020
Нидерланд Ұлыбританиямен әуе қатынасын уақытша тоқтатты

Нидерланд билігі Ұлыбританиядан жолаушылар ұшақтарының қатынауына тыйым салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Тұманды Альбионда коронавирустың мутацияға ұшыраған түрінің пайда болуы себеп. Шектеу қаңтардың 1-іне дейін қолданылып, қажет болып жатса тағы қосымша шаралар қабылдануы мүмкін. Тыйым Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның өткен сенбі күні вирустың жаңа түріне байланысты мәлімдемесінен кейін бірден енгізілді. Онда ағылшын үкімет басшысы жаңа вирустың 70 процентке жұқпалы екенін және Англияның оңтүстік-шығысы мен Лондонда карантин қатаңдатылатынын айтқан еді.

Хабар 24 телеарнасы