419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пәкістанда мұз шығаратын зауытта жарылыс болып, сегіз адам қаза тапты

  • 92
  • UPD: 10:14, 23.12.2020
Пәкістанда мұз шығаратын зауытта жарылыс болып, сегіз адам қаза тапты

Пәкістанда мұз шығаратын зауытта жарылыс болып, 8 адам қаза тапты, тағы 28-і жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Карачи қаласының  солтүстігіндегі өнеркәсіп аймағында болды. Зауытта қазандық атылып, ғимараттың шатыры опырылып құлаған. Жарылыстың қатты болғаны соншалық, көрші фабрика да бүлінген. Оқиға кезінде зауытта 38 жұмысшы болған көрінеді. Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы