426,99 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сербияда халыққа вакцина салу жүріп жатыр

  • 216
  • UPD: 09:55, 25.12.2020
Сербияда халыққа вакцина салу жүріп жатыр

Сербия коронавируске қарсы вакциналау шараларын ресми түрде бастады. Ал алғашқы вакцинаны осы елдің премьер-министрі салдырды.

Үкімет басшысынан басқа Сербияның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі және бас эпидемиолог та бірінші болып салғызды. Осылайша шенеуніктер вакцинаның қауіпсіз екенін халыққа көрсеткісі келген. Келесі кезекте препаратты қарттар үйінің тұрғындары қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, Сербия «Пфайзер» және «БайонТек» екпесінің алғашқы партиясын 22 желтоқсанда алдырған болатын.

Ана Брнабич, Сербия премьер-министрі:

- Еуропада біз вакцинаны Ұлыбританиядан кейін алдық, ал вакцинацияны үшінші ел болып бастадық. Маған бірінші еуропалық премьер-министр ретінде екпе салу құрметі бұйырды. Бұл біздің қандай салмақты елге айналғанымызды білдіреді. Биыл вакцинасыз әлемнің қандай болатынын көрдік.

Хабар 24 телеарнасы