420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританиядан АҚШ-қа келетін жолаушыларға жаңа талап қойылды

  • 169
  • UPD: 17:46, 25.12.2020
Ұлыбританиядан АҚШ-қа келетін жолаушыларға жаңа талап қойылды

АҚШ-қа Ұлыбританиядан ұшып келген барлық жолаушыда коронавирустың жоқтығын растайтын тест нәтижесі болуы қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай талапты осы елдің ауруларды бақылау және алдын алу орталығы енгізді. Олардың айтуынша, жаңа ережеге бүгін қол қойылып, 28 желтоқсаннан бастап күшіне енуі тиіс. Сондай-ақ сынақ мерзімі 72 сағаттан аспауы керек. Осының алдында ғана президент Дональд Трамп әкімшілігі Британиядан ұшып келгендерден тест қажет емес деп мәлімдеген еді. Енді әуе компаниялары жолаушыларды ұшаққа отырғызбай тұрып, ПТР анықтама талап етуі керек. Тиісті құжатты көрсете алмағандар рейске жіберілмейді.

Естеріңізге сала кетейік, бірер апта бұрын Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штаммы тіркеліп, әлемнің бірқатар елі корольдікпен арадағы әуе қатынасын тоқтатқан еді.

Хабар 24 телеарнасы