418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ОАР-да коронавирус жұққан адам саны миллионнан асты

  • 109
  • UPD: 08:01, 28.12.2020
ОАР-да коронавирус жұққан адам саны миллионнан асты

Оңтүстік Африка Республикасында коронавирус жұқтырғандар саны 1 миллион адамнан асты. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

9 күн бұрын ковидке шалдыққан қатары 900 мыңдай болатын. Африкалық елде 25 желтоқсанда 14 мың 800-ге жуық тұрғын індетпен ауырып, бір ай бұрынғы көрсеткіштен 7 есеге бірден көбейген.

Сарапшылардың айтуынша, өсімнің артуына халықтың немқұрайлығы және вирустың жаңа штаммының кеңінен таралуы себеп болуда.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Африка Республикасында ковидтен көз жұмғандар қатары 27 мыңға жуықтап қалды. Бұл осы құрлықтағы ең жоғары көрсеткіш.

Хабар 24 телеарнасы