419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда үшінші мәрте карантин енгізілуі мүмкін

  • 78
  • UPD: 13:24, 30.12.2020
Францияда үшінші мәрте карантин енгізілуі мүмкін

Францияда эпидемиологиялық ахуал нашарлап, елде үшінші мәрте карантин енгізу мәселесі қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі соңғы уақытта күн сайын 15 мыңға жуық адам вирус жұқтырып, індеттің үшінші толқыны басталған. Бірақ республиканың оңтүстігі мен шығысындағы 20 аймақта шектеулер қатаңдатылған. Ал келесі жылдан бастап коменданттық сағат мерзімі ұзартылмақ. Жалпы биыл бесінші республика 3 айдан астам локдаунда болған еді.

Оливье Веран, Франция денсаулық сақтау министрі:

– Біз елде қайта карантин енгізбеуге тырысып жатырмыз. Дәл қазір бүкіл ел аумағы немесе қандай да бір өңірде локдаун жариялайтын жоспар жоқ. Әзірге тек коменданттық сағаттың уақытын созып, оны кешкі 8-дің орнына 6-дан бастап қолдануды ұсындық. Шара қаңтардың екісінен бастап күшіне енеді.

Хабар 24 телеарнасы