421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда коронавирусқа қарсы жаңа вакцина мақұлданды

  • 125
  • UPD: 12:47, 31.12.2020
Қытайда коронавирусқа қарсы жаңа вакцина мақұлданды

Қытайда Sinopharm компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасын нарыққа шығару мақұлданды.

Бұған дейін Beijing Institute of Biological Products аталған вакцинаның қауіпсіздіктің жақсы деңгейін көрсеткенін, екі инъекциядан кейін вакцина қабылдаған адамдарда жоғары титрлі антиденелер пайда болғанын, ал вакцинаның қорғаныш тиімділігі 79,34% құрағанын айтқан.

«Sinopharm корпорациясының China National Biotech Group компаниясы жасаған COVID-19 вакцинасы қосымша шарттармен нарыққа шығаруға мақұлданды», - делінген.

Хабар 24 телеарнасы