418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Перуде шеру кезіндегі қақтығыстан екі адам қаза тапты

  • 117
  • UPD: 16:08, 31.12.2020
Перуде шеру кезіндегі қақтығыстан екі адам қаза тапты

Салдарынан 2 ереуілші ажал құшқан. Арасында 16 жастағы бозбала бар. Тағы 4 белсенді мен 6 тәртіп сақшысы жарақат алды.

Наразы топ жалақының төмендігіне байланысты бас көтерген. Бұдан басқа ереуілшілер жұмыс орнында қолайлы жағдай жасауды талап етуде. Шаруалар желтоқсан айының басынан бері үкіметпен бірнеше рет келіссөз жүргізген, бірақ бәрі сәтсіз аяқталды.

Айта кетейік, Перу қаражидек, жүзім, авокадо және қасқыржем экспорты бойынша әлемде жетекші орында. Бұл елде 300 мың адам ауыл шаруашылығында тер төгуде.

Виолета Бермудес, Перу премьер-министрі:

- Бұл адамдар үлкен жолдарды жауып, жолаушылардың діттеген жеріне жетуіне кедергі жасап жатыр. Тіпті жедел жәрдем көліктерін де өртеп жіберген. Осының кесірінен науқастар орта жолда жан тапсырған.

Хабар 24 телеарнасы