476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанда туризм саласы басымдық берілген 6 бағыттың қатарына енді

  • 2403
  • UPD: 11:15, 25.07.2017

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысы жөнінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Жақында туристік саланың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленіп, құжат бекітілді.  Осыған орай 6 өңірлік мәдени туристік кластер құрылады. Олар Астана, Алматы қалалары, Шығыс, Батыс, Оңтүстік және Сотүстік Қазақстан облыстарында шоғырланады. Күзде еліміздің киелі жерлері белгіленген карта шығарылуы тиіс. Оның 2 нұсқасы болады. Біріншісінде, республикалық маңызы бар 100 нысан бойынша ақпарат берілсе, екіншісінде өңірлер қамтылмақ. Қазір Үкімет мемлекетте туризмнің жаңа түрлерін дамытуды да қолға алып жатыр.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі: 

- Біз «Қазақтуризм» акционерлік қоғамын құрдық. Оның ең басты мақсаты еліміздің туристік әлеуетін шет мемлекеттерде насихаттау мен инвестиция тарту. Қазірдің өзінде өзге елдің кәсіпкерлері қызығушылық танытып отыр. 1-кезеңде компания мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Кейін ол өзін өзі қамтамасыз ететін болады. Бұл өте маңызды. Себебі біз  Қазақстанда туризмнің жаңа түрлерін дамытуды көздеп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы