Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асқар Мамин Қазақстан-Қытай I Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

  • 723
  • UPD: 11:45, 12.09.2017

Қытайдың Наньнин қаласында ЕХРО «Қытай – АСЕАН» 14-ші көрмесі басталды.

Әдетте тек Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен ғана шектелетін маңызды шараға Қазақстан арнайы шақырылыпты. Бұл отандық тауарларымызды танытуға деген зор мүмкіндік. Осыны ескеріп, шараға Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары бастаған Үкіметтік делегация арнайы барды. Асқар Мамин Қытай Халық Республикасындағы әріптесі Чжан Гаолимен екіжақты кездесу өткізіп, әріптестікті дамыту жайын талқылады. Көрме аясында алғашқы Қазақстан-Қытай өңіраралық ынтымақтастық форумы да өтті. Онда инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, көлік, өңдеу мен сауда-саттық салалары сөз болып, бірқатар меморандумға қол қойылды.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

- Қазақстанның барлық 16 өңірі Қытайдың ірі компаниялары және провинцияларымен іскерлік қатынас орнатқан. Әрине бірлескен жобалар да баршылық. Бүгінгі форум өзекті жайттар бойынша кеңесіп, екіжақты келісімдерді жандандыруға ықпал етеді.

Хабар 24 телеарнасы