412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда «Қазақстан – достықтың мекені» атты кітап көрмесі өтті

  • 1167
  • UPD: 22:04, 18.09.2017

Павлодардағы оқушылар сарайында «Қазақстан – достықтың мекені» атты кітап көрмесі өтті. Мәдени шара балғындар арасында отансүйгіштік қасиеттерді дамыту, туған жерге деген сүйіспеншілікке баулу мақсатын көздейді.

Көрмеге отандық ақын-жазушылардың «Отан» тақырыбындағы еңбектері ұсынылған.

Айта кетейік, бүгінде бұл білім беру нысанында 200-ден астам үйірме жұмыс істейді.  Қазірдің өзінде 4000-нан астам оқушы жазылып, қосымша білім алып жүр. Балаларға арналған мәдени шаралар кешені бекітілген. Жоспарға енгізілген жобалардың басым бөлігі «Туған жер» бағдарламасын насихаттауға арналған.

Айсана Аипова, оқушы: 

- Кітапханада өте қызық. Онда кіатптар, журналдар бар. Мен ағылшын тіліне барамын. Сырмақ үйірмесіне барамын. Қазір ағылшынды жаттау керек.

Хабар 24 телеарнасы