386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО: «Нұрлы жол» бағдарламасы халықты таза сумен қатар жұмыспен қамтамасыз етті

  • 732
  • UPD: 08:11, 02.10.2017

Биыл Шығыс Қазақстанда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 29 жоба жүзеге асады. Бұл үшін қазынадан 12 жарым млрд теңге бөлінді. Бағдарлама өскемендіктерді таза ауыз сумен қамтуға бағытталған. Қазір қалада сапалы тіршілік көзін жинайтын 12 тоған бар. Соның ең ірісі Солтүстік-Атаман су бөгетінде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өскемен-Ертіс және Үлбі өзендерінің торабында қоныс тепкен. Қазір қалада таза ауыз су жиналатын 12 тоған бар. Дегенмен, кіші Согра тоғаны осыдан 65 жыл бұрын салынған екен. Ол қазір қосалқы қызмет атқарады. Ал солтүстік-Атаманға 28 жыл. 2013-2015 жылдары мұнда жаңа насос станциясы салынып, осылайша мемлекеттік бағдарлама аясында жаңғырту жұмыстарының екінші кезеңі басталады.  

Андрей Олехнович, «Өскемен су арнасы» мекемесінің бас инженері:

- Қазір «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша  республикалық бюджет есебінен қайта жаңғырту жұмыстарының екінші кезеңін бастадық. Жоба құны 1,754 млн теңге тұрады. Бір жарым жыл ішінде тоған дайын болады. Биыл 700 млн. теңгені игеруге тиіспіз. Жұмыс кесте бойынша жүріп жатыр.

Жалпы аумағы 7 шақырымды құрайтын тоған 2018 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Қазір мұнда монтаждау жұмыстары қызу атқарылып жатыр.  

Ринат Есімханов, учаске жетекшісі:

- Бес техника жұмыс істеп жүр. Кранымыз бар. Он бес кісі жұмыс істеп жатыр. Салынған трубалардың ұзындығы 800 метр. Енді трубалар келіп жатыр. Сондай жұмыстар жүріп жатыр.

Жұмыс істеп, несібесін «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында тауып отырған азаматтар қаншама. Бетоншы Сәтбек Сәукетаев халық игілігі үшін жасалып жатқан шаруаның нәтижелі әрі сапалы болуына үлкен мән беретінін айтады. 

Сәтбек Сәукетаев, бетоншы: 

- Маусым айынан жұмыс істеп жатырмыз. Ақшамызды төлеп тұр. Бәрі халық үшін. «Нұрлы жол» бағдарламасы ашылғалы жақсы болды. Халыққа жұмыс беріп отыр. «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында семьямызды асырап, табыс тауып отырмыз.

Айтпақшы, қаладағы су арнасы кәсіпорны енді ауызсуды астұзымен тазартпақ. Еуропалық тың әдіс қауіпсіздікті арттыруға сеп болмақ.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы