419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы: Бірқатар мемлекеттік функция бәсекелестік ортаға беріледі

  • 1924
  • UPD: 15:35, 06.01.2016

«Ұлт жоспарықазақстандық арманға бастайтын жол». Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осындай мақаласы басылымдарда жарық көрді. Онда «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыру мәселесі жазылған.

Мемлекеттің дамуы бірқатар мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беруді талап етеді. Ал елімізде олардың саны бүгінде 4500-ге жуық. «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында Елбасы осы мәселеге айрықша мән берді. Президент әрбір мемлекеттік орган бойынша бәсекелесті ортаға берілетін функциялар тізімі анықталатынын жеткізді. Осы орайда комиссия мемлекеттік функцияларды беру регламентін қарастырып, мониторинг жүргізеді және олардың орындалу сапасына бақылау жасайды. Ал жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қосымша өкілеттіктер беруорталық деңгейдегі реформалардың заңды жалғасы болуы тиіс, деді Елбасы.

Хабар 24 телеарнасы