384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардағы суретшілер көрмесі келушілерді тәнті етті

  • 730
  • UPD: 21:10, 21.01.2017

Павлодарда суретшілердің көрмесі ашылды.

Оған қылқалам шеберлерінің 100-ге жуық кескіндеме, графика, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер туындысы қойылған. Әр шығарма суретшінің қайталанбас қолтаңбасы мен дүниетанымын аңғартады. Философиялық терең ой мен жоғары кәсіби шеберлік үйлесім тапқан суреттер келушілерді тәнті етті. Көрмеге атақты суретшілермен бірге жастардың да туындысы қойылған. Әсіресе өнерге жаңа көзқарас тың шешіммен келген Евгений Фридлин мен Андрей Оразбаевтың шығармалары ерекше. Көрме 20 ақпанға дейін жалғасады.

Ұлпан Егінбаева, көркемсурет музейінің қызметкері:

- Бұл көрме өткен жылға шолу, қорытынды ретінде жасалған. Өйткені 2016 жылдың тамыз айында Баянауыл өңірінде «Шабыт» атты фестиваль өткенде сол жұмыстар елдің назарына ұсынылды. Осы жұмыстар біздің көркемсурет мұражайында өз орнын тауып отыр.

Хабар 24 телеарнасы