383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғыз режиссері «Әлемдік Назарбаев» атты деректі фильм түсірді

  • 663
  • UPD: 18:26, 01.02.2017

«Әлемдік Назарбаев». Қырғыз режиссері Өмірзақ Толобековтың жаңа деректі фильмі осылай аталады.

Бішкекте аталған туындының тұсауы кесілді. Автордың айтуынша, фильмді Қазақ елінің Президенті көріп, оң бағасын берген. Кинокартинада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастық шағы баяндалады. Онда жолдастары болашақ президент туралы естеліктерден сыр шерткен. Фильмнің ұзақтығы - 55 минут. Алайда, әлемге танымал тұлғаның қызметтік өмірі осы лентаға сыйып тұр, - дейді автор. Деректі фильм Қырғызстан кинотеатрларында 17 ақпаннан көрсетіле бастайды.

Өмірзақ Толобеков, деректі фильмнің режиссері:

- Қазақ елінің басшысы қырғыз тілін жақсы меңгерген. Әрі мәдениеті мен дәстүрінде терең түсінеді. Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз еліне әрқашан қамқорлық танытады. Мысалы қазірдің өзінде Қазақстанда 3 мыңға жуық қырғыз азаматы жұмыс істеп, сонда өмір сүріп жатыр. Сондықтан да, біздің алғысымыз шексіз.

Хабар 24 телеарнасы